18 шілде 2022 17:30

Жантүршігерлік видео: Алматы облысында ер адам көлігімен жылқыны басқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Желіде Алматы облысында жол талғамайтын көлікпен жылқыны басып өтпек болған ер адамның әрекеті қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматы облысында жол талғамайтын көлікпен жылқыны басып өтпек болған ер адамның әрекеті қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда ер адамның жерде жатқан жануарды жол талғамайтын көлікпен әдейі басқаны көрінеді. Пікір білдіргендер ер адамның әрекетін айыптап, полицияны бұл іске назар аударуға шақырған.

Күдіктіні полиция ұстады. Тәртіп сақшылары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде көлікпен жылқыны басып кеткен. Ер адамның сөзінше, ол бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырысқан.

"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында прокуратурамен келісе отырып, ұсталған адамға келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети