ТЖД Алматы әуежайындағы оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД Алматы әуежайындағы оқиғаның мән-жайын айтты t.me/kozachkow видеосынан кадрлар

Алматы ТЖД қала әуежайындағы құбырлардың құлауына қатысты оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengri Travel.


Алматы ТЖД қала әуежайындағы құбырлардың құлауына қатысты оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Ведомство мәліметінше, желдету жүйесінің бөлшегі құлаған.

"11 маусымда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Алматы әуежайының аумағында болған оқиға туралы жарияланым анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, Түрксіб ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде желдету конструкциясының бөлшегі құлаған", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

"Нысан әкімшілігі жедел түрде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдады: жұмыс жүргізіліп жатқан учаске қоршалып, конструкция бөлшектелді, жөндеу жұмыстарының орындалуына бақылау күшейтілді", - деді ТЖД өкілдері.

Алматы ТЖД ақпараты бойынша, 112 пультіне оқиға туралы хабарлама түспеген.

"Сонымен қатар, ақпарат алынған бойда жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері жіберілді. Жағдайдың мән-жайын құзыретті қызметтер анықтап жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Оқиғаның мән-жайы

Еске салайық, әлеуметтік желілерде 11 маусымда күндіз құрылыс жұмыстары кезінде биіктен үлкен құбырлар құлағаны туралы ақпарат тарады.

Куәгерлердің айтуынша, конструкциялар жолаушылардың, оның ішінде балалардың дәл қасына құлаған.

Біз түсініктеме алу үшін Алматы әуежайының баспасөз қызметіне хабарластық, алайда материал жарияланған сәтке дейін жауап түспеді.

TengriTravel
;