Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан ер адам кешірім сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан ер адам кешірім сұрады

Жерде жатқан жылқыны жол талғамайтын көлікпен әдейі басқан Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны видео арқылы кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жерде жатқан жылқыны жол талғамайтын көлікпен әдейі басқан Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны видео арқылы кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Онда ер адам бақшасы бүлінгеніне ашуланғанын айтқан.

"Істеген ісім үшін кешірім сұраймын, өйткені жылқыны ауламда көлікпен бастым. Бақшам бүлінгеніне жүйкем жұқарды. Осы жануардың иелерінен кешірім сұраймын, әрине, дұрыс істемедім. Өз кінәмді мойындаймын, қашпаймын, сондықтан кешіріңіздер", - деді ол.

Еске салайық, Алматы облысында жылқыны қасақана басқан жүргізушінің видеосы Желіде қызу талқыланған еді. Күдіктіні полиция ұстаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде жылқыны басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндіріпті.

Жануар аман қалған, бірақ иелері оның жарақаты болғандықтан, бауыздауға мәжбүр болған. Кейінірек жүргізуші неге жазаланбайтыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети