13 қазан 2020 11:04

Алматы облысында қалдықты арыққа төккендер видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Алматы облысы Қарасай ауданында кәріздің суын арыққа төккендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Қарасай ауданында кәріздің суын арыққа төккендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан цистерналары бар бірнеше жүк көлігі қалдықты арыққа төгіп жатқанын көруге болады. Видеоның авторы ассенизаторлардың әрекетіне наразы болған.

"Қараңызшы, септикке төгіп жатыр. Сіздерге кім осында төгуге рұқсат берді? Міне, тағы бір көлік төгіп жатыр", - дейді видеодағы ер адам.

Қарасай ауданы әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, қалдықты төгу жұмысы заң бойынша жүргізіледі.

"Видеода Agropark Ontystuk ЖШС-на тиесілі сүзу алаңына кәріз ағын суын төгу сәті түсірілген. Сүзу алаңы саяжай алқабымен шектеседі. Бұл қоршалған аумаққа Beyazhtrans ЖШС қызмет көрсетеді. Кәріз ағын суын әкетуге Beyazhtrans ЖШС мен жеке тасымалдаушылар арасында шарт жасалған", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети