Алматы облысында қар көшкіні жүрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қар көшкіні жүрді t.me/qr_tjm

Алматы облысында Ассы обсерваториясы маңында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Ассы обсерваториясы маңында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 ақпанда сағат 09 сағат 10 минутта Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында қар көшкінінің өздігінен түскені туралы хабарлама келіп түсті. Көшкіннің жалпы көлемі 52,5 текше метр болады", - делінген хабарламада.

ТЖД мәліметінше, қар көшкіні жүргендіктен "Түрген ауылы- Батан шатқасы" облыстық маңызы бар тасжолы жабылған. Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау ММ-нің күштері жүргізіп жатыр. Түрген өзенінің арнасы бойымен су қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Қаза тапқандар мен қираулар жоқ.

"Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында жолдың осы учаскесі бойындағы жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік - Есік көлі автожолының 15 километрінен 41 километріне дейін, сонымен қатар Есік және Түрген 20 км Түрген-Батан ауылы-Ассы обсерваториясы автожолының 41 шақырымына дейін жабылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети