Алматы облысында карантин күшейді

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаң қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды: 

  1. Залдарда толымдық 50 пайыздан жоғары, соның ішінде 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар);
  2. 25 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар; 
  3. балаларды сауықтыру лагерлері; 
  4. балалардың ойын-сауық орталықтары; 
  5. ойын-сауық нысандары, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, PS-клубтар, компьютерлік клубтар, цирк, бильярд залдары;
Реклама
Реклама

Сонымен қатар 20-24 наурыз аралығында мына нысандардың қызметі уақытша тоқтайды:

  1. сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары;
  2. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, ашық азық-түлік емес базарлар;
  3. қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар және басқалары)
  4. кинотеатрлар мен театрлар.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Бұған дейін Алматы облысында демалыс күндері локдаун енгізілетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама