16 наурыз 2021 18:20

Алматы облысында локдаун енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы облысында демалыс күндері локдаун енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында демалыс күндері локдаун енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны Алматы облысында 0,6 пайыз болып, өткен тәулікте 99 жағдай тіркелген.

Инфекциялық стационардың толымдылығы 43 пайыз, реанимациялық төсектер толымдылығы 15 пайыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша баяндаған облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Өңір басшысының айтуынша, облыстың медициналық ұйымдары қажет жабдықтармен және дәрі препараттарымен қамтамасыз етілген. Инфекциялық стационардағы төсектер саны 412-ге көбейтіліп, қазір саны 1 550 данаға жетті.

Биыл жыл басынан бастап 11 ПТР-зертханасында 137 мың тест өткізілген. 391 мобильді бригада коронавирус күдігі бар науқастардың үйіне барып 50,7 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті.

Облыста ауру деңгейінің өсуіне байланысты карантин режимі күшейтілді.

Мектепке дейінгі мекемелердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни ұйымдардың, қоғамдық моншалар мен көлік жұмысы сағат 17.00-ге дейін, ойын-сауық объектілері мен мейрамханалардың жұмысы сағат 21.00-ге дейін келушілер санын ескере отырып шектелді. Демалыс күндері облыста толық локдаун енгізіледі.

"Алматы қаласы мен облыс арасында халық көші-қонының жиілеуіне байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында ауру деңгейінің біршама өсуі байқалады, бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту жөнінде жекелеген қаулылар қабылдады", - деді Баталов.

Өңірде карантин шараларын сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

1 қаңтардан бастап 6797 рейд барысында карантин режимін бұзудың 449 дерегі анықталды, 410 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу 30 егу пунктінде жүргізіледі, 6883 адамға екпе жасалды.

Айта кетейік, қазір Алматы облысы "сары" аймақта тұр. Ауруханаларда 685 адам ем қабылдап жатыр, соның 22-сінің жағдайы ауыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети