Алматы облысында қарулы ер адам дүкенге басып кіріп, сыра талап еткен

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қарулы ер адам дүкенге басып кіріп, сыра талап еткен Сурет: polisia

Алматы облысында мас адам дүкенге мылтықпен кіріп, сыра талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мас адам дүкенге мылтықпен кіріп, сыра талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Алмалыбақ ауылындағы дүкендердің бірінде болған. Ол 54 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

"Мас ер адам бұрын сыра дүкеніне кіріп, сатушылардың бірімен жанжалдасқаны белгілі болды. Кейін ол аң аулайтын мылтықпен дүкенге қайта оралып, оған сыра беруді талап еткен", - деп хабарлады полиция.

Ведомство ұстау кезінде мылтықтан өздігінен оқ атылып, қабырғаға тигенін хабарлады. Қатысушылардың ешқайсысы зардап шекпеген.

"Бұл іс ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қару тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық іске қосылды", - деді ведомстводан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети