03 тамыз 2020 | 09:31

Алматы облысында қатаң карантин режимі екі аптаға созылды

© Тұрар Қазанғапов

Алматы облысы аймағында өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің қаулысы бойынша қатаң карантин режимі екі аптаға созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы аймағында өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің қаулысы бойынша қатаң карантин режимі екі аптаға созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысындағы карантин және қатаң шектеу шаралары 2020 жылғы 03 тамыз сағат 00:00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын. Карантин режимі мен мерзімі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгеруі мүмкін", - делінген қаулыда.

Реклама
Реклама

Жергілікті билікке келесы нысандардың жұмысын тоқтата тұру туралы нұсқау берілді:

Қоғамдық тамақтану орындары (мейрамхана, кофехана, банкет залдары, фуд-корт, асхана, барлар), сондай-ақ ашық алаңдағы жазғы алаңдар; Автовокзал, ауыл арасындағы қоғамдық көлік; Азық-түлік сататын супермаркеттер мен дәріханаларды, азық-түлік емес дүкендерді, онлайн-тапсырыстар мен жеткізуді ұйымдастыруды қоспағанда, жабық азық-түлік және барлық азық-түлік емес базарларды, сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда желілерін; Мәдени нысандар, оның ішінде, музей, театр, мәдениет үйі; Фитнес нысандар, жаттығу залдары мен спорттық нысандар; Монша, сауна, массаж орталықтары; Саябақ, сквер, бассейн, аквапарк, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ыстық бұлақтар; Сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары; Діни нысандар; Білім беру орталықтары, үйірмелер, арт-клубтар, балаларға қосымша білім беру орындары, балаларды оңалту кабинеттерін, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерді, балаларға арналған күндізгі әлеуметтік оңалту орталықтарын құру; Кинотеатр, көрме, интернет және компьютер орталықтары, түнгі клуб, қорқор орталықтары, көңіл көтеру нысандары;

Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, елді мекендер ішінде үш адамнан астам топтың жүріп-тұруына тыйым салу, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруы, 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу ұзартылады.

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, отбасылық және еске алу мерекелерін, сондай-ақ спорттық іс-шараларды жабық нысандарда өткізуге тыйым салынады.

Маса тағу міндетті:

Нысандарда жүрген барлық адам (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық мекеме, халыққа қызмет көрсету ұйымдарында және тағы басқа), сондай-ақ қоғамдық көлік пен ашық нысандарда; Коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгісі пайда болғандар (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру). 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная