1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы облысында қатаң карантин режимі екі аптаға созылды03 тамыз 2020, 09:31

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысы аймағында өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің қаулысы бойынша қатаң карантин режимі екі аптаға созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысындағы карантин және қатаң шектеу шаралары 2020 жылғы 03 тамыз сағат 00:00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын. Карантин режимі мен мерзімі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгеруі мүмкін", - делінген қаулыда.

Жергілікті билікке келесы нысандардың жұмысын тоқтата тұру туралы нұсқау берілді:

  1. Қоғамдық тамақтану орындары (мейрамхана, кофехана, банкет залдары, фуд-корт, асхана, барлар), сондай-ақ ашық алаңдағы жазғы алаңдар;
  2. Автовокзал, ауыл арасындағы қоғамдық көлік;
  3. Азық-түлік сататын супермаркеттер мен дәріханаларды, азық-түлік емес дүкендерді, онлайн-тапсырыстар мен жеткізуді ұйымдастыруды қоспағанда, жабық азық-түлік және барлық азық-түлік емес базарларды, сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда желілерін;
  4. Мәдени нысандар, оның ішінде, музей, театр, мәдениет үйі;
  5. Фитнес нысандар, жаттығу залдары мен спорттық нысандар;
  6. Монша, сауна, массаж орталықтары;
  7. Саябақ, сквер, бассейн, аквапарк, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ыстық бұлақтар;
  8. Сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары;
  9. Діни нысандар;
  10. Білім беру орталықтары, үйірмелер, арт-клубтар, балаларға қосымша білім беру орындары, балаларды оңалту кабинеттерін, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерді, балаларға арналған күндізгі әлеуметтік оңалту орталықтарын құру;
  11. Кинотеатр, көрме, интернет және компьютер орталықтары, түнгі клуб, қорқор орталықтары, көңіл көтеру нысандары;

Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, елді мекендер ішінде үш адамнан астам топтың жүріп-тұруына тыйым салу, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруы, 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу ұзартылады.

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, отбасылық және еске алу мерекелерін, сондай-ақ спорттық іс-шараларды жабық нысандарда өткізуге тыйым салынады.

Маса тағу міндетті:

  • Нысандарда жүрген барлық адам (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық мекеме, халыққа қызмет көрсету ұйымдарында және тағы басқа), сондай-ақ қоғамдық көлік пен ашық нысандарда;
  • Коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгісі пайда болғандар (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру). 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!