Кеген-Нарынқол автомобиль жолының 40 шақырымдық бөлігінде сыртқы-бұдыр бетін өңдеу бойынша орташа жөндеу жұмыстары 1 ай бұрын алдын-ала аяқталуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеген-Нарынқол автомобиль жолы Райымбек ауданында Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстары бұл аймақтың дамуына, сондай-ақ, ішкі туризді дамытуға ықпал етеді. Соңғы рет жолда орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Алматы облысында Алматы - Көкпек - Көктал - Хоргос бағытындағы және жалпы ұзындығы 30 шықырымға созылған "Алма–Тау туристік базасына кіреберіс" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста жалпы ұзындығы 35 шақырымға созылған Көлсай көліне апаратын Жалаңаш-Саты автомобиль жолының кіреберіс бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.