Алматы облысында көлік салығы бойынша қарыз 3 миллиард теңгеге жуықтаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көлік салығы бойынша қарыз 3 миллиард теңгеге жуықтаған Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысында көлік иелері көлік салығы бойынша үш миллиард теңгеге жуық қарыз болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көлік иелері көлік салығы бойынша үш миллиард теңгеге жуық қарыз болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Облыста 50 мыңнан аса көлік иесі борышкер болып шықты. Салық департаментінің қызметкерлері мұны қалыптаспаған мәдениеттің кесірінен деп есептейді. Тек облыс орталығы Қонаевтың қарызы 107 миллион теңгеден асқан.

"Адамдардың сылтауы көп. Мысалы, хабарлама алған жоқ. Негізі қазір банктер ай сайын жіберіп отырады. Соның нәтижесінде биыл мемлекет қазынасына 5 миллиард 900 миллион теңге көлік салығы түсті. Хабарламалар банк қосымшалары арқылы жіберіліп жатыр", - деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Олжас Отар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети