Жылдағы дәстүр бойынша 2023 жылдың 29 тамызында Қонаев қаласының мәдениет үйінде "Ата заңым – айбыным" атты Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік жиын өтті.
Жылдағы дәстүр бойынша 2023 жылдың 29 тамызында Қонаев қаласының мәдениет үйінде "Ата заңым – айбыным" атты Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік жиын өтті.
Жиналған қауымды Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтап, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға "Алматы облысының құрметті азаматы" атақтарын табыстады.
"Алматы облысының құрметті азаматы" атағына Еңбекшіқазақ ауданының еңбек ардагері, жазушы, драматург Аширов Ахмет Ақсопыұлы, Еңбек ардагері Әсия Мұхамеджанқызы, "Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы" Қоғамдық бірлестігінің президенті, Жамбыл ауданының азаматы Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы, Райымбек ауданының еңбек ардагері Тәкебаев Қанат Тұрсынұлы ие болды.
Сондай-ақ, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен бірқатар азаматтар марапатталды.
Марапат рәсімінен соң, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Конституциялық сот туралы" конституциялық заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Дәуталиев Қазбек Нұрсейітұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, марапат иелеріне ыстық ықыласын білдірді.
Жиын одан әрі мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.