Алматы облысында қорықшы ер адамға оқ атты, оқиға видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысында қорықшы ер адамның аяғына оқ атты, оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қорықшы ер адамның аяғына оқ атты, оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жазбада ер адам мен қолында мылтығы бар қорықшы сөзге келіп, дауласып тұрғаны көрінеді. Бір сәтте қорықшы мылтығын оқтап, ер адамның аяғына жақын қашықтықтан оқ атады. Жараланған адам жерге құлап, аяғын ұстап, айқайлай жөнеледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, далада от жағу жанжалға себеп болған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, жанжал өзара келіспеушіліктің салдарынан туындаған", – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері қылмыстық іс бойынша барлық жағдайларды жан-жақты, толық әрі объектив зерттеу мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети