Алматы облысының Талғар ауданында тұрғын үйлерге топырақ құлап, үйлерге зақым келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Талғар ауданында тұрғын үйлерге топырақ құлап, үйлерге зақым келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 21-23 наурыз аралығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы нәтижесінде топырақ батпақтанып, салдарынан таудың баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың өздігінен түсуі орын алғаны жайлы хабарлама келген.
Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар, жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысша (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады.
Оқиға орнында ТЖ бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері екі көшені аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Қазселденқорғау қызметкерлері ескерту хабарламасын берген болатын. Тәуліктің қараңғы уақытына байланысты топырақ құлауы мүмкін жерлерді мұқият тексеру жүргізу қиынға соққан.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел медициналық жәрдем бригадасы шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!