16 қыркүйек 2015 | 15:13

Алматы облысында ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлікті ауқымды түрде тексеруі аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматы облысында ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлікті ауқымды түрде тексеруі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлікті ауқымды түрде тексеруі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 күн бойы әскери қызметкерлер Алматы облысындағы "Көктал" оқу-жаттығу полигонында жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Бірінші кезеңде әскери қызметкерлер жауынгерлердің біріккен топтамасын әзірлікке келтіруді пысықтады. Содан кейін белгіленген аймақтарда әскерлер топтамасының құрылуын дайындауды, ішкі қарулы шиеленісті оқшаулау және бұлтартпау жөнінде арнайы операцияның жоспарлануы мен орындалуын жүргізді.

"ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кенеттен тексеру практикасы ұдайы жалғасып тұрады. Кешенді шаралар, кешенді тексерістер туралы сөз болғандықтан, осы жағдайда барлық арналар іске қосылады", - деп атап өтті оқу-жаттығу барысында қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлер жауынгерлік іс-қимылдар орнына маршпен, әуе және теміржол көлігімен, сондай-ақ күрделі өтілетін бағдарлармен келд. Ал батальон командирлері өздігінен шешім қабылдады. Бұл кәсіби тұрғыда оқып-үйретілген офицерлер корпусын қалыптастыру үшін өте қажет.

Айта кетейік, іс-шара бес облыста, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында болды.  Онда 10 мың әскери қызметкер, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2 мыңнан аса бірлік техника тартылды. 


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети