28 қыркүйек 2024 | 14:21

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануарды аулағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ ІІМ

Алматы облысы Балқаш ауданында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Балқаш ауданында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қыркүйекте сағат 08:30-да Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бірлік ауылының маңындағы Қонаев-Бақанас-Қараой тасжолында УАЗ автокөлігін тізгіндеген Жетісу облысының 58 жастағы тұрғынын ұстады. Көлікті тексеру кезінде көлік салонынан тіркелген ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, болжам бойынша Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы тәркіленді.

Көлікте үш жолаушы болған. Олардың аң аулауға лицензиясы болмаған.

Алматы облысының полицейлері заңсыз аң аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандар заң аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети