70 жастағы зейнеткер Тұрсын Тоқтарбаев Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында жартылай қираған үйде жалғыз өмір сүріп жатыр. Қатты науқастанған оны Алматыда лауазымды қызметте істейтін қыздары іздемейді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
70 жастағы зейнеткер Тұрсын Тоқтарбаев Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында жартылай қираған үйде жалғыз өмір сүріп жатыр. Қатты науқастанған оны Алматыда лауазымды қызметте істейтін қыздары іздемейді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Тұрсын Тоқтарбаев төрт күн бойы төсегінен тұрған жоқ. © ktk.kz
Зейнеткер көмек сұрайды. © ktk.kz
© ktk.kz
Соңғы төрт күнде зейнеткер төсегінен тұрған жоқ. Көршілері оны жерде жатқан жерінен тауып алған. Қарияның жанында тамақ қалдықтары мен лас төсек жаймалары шашылып жатыр.
© ktk.kz
"Ол су, тамақ сұрайды. Мында ыстық, дем алу мүмкін емес! Ол тірі адам ғой, жануарды да аяймыз!", - деді көршісі Нағима Басжанова.
Күндіз қарияны көршілері тамақтандырады, ал түнде ол егеуқұйрықтар мен тарақандардың ортасында жалғыз қалады. © ktk.kz
Көршісі Нағима Басжанова. © ktk.kz
Сейсенбіде қарияны ауруханаға әкетті. Дегенмен зейнеткердің жағдайы ары қарай не болатыны белгісіз.
© ktk.kz
"Ол ДЭСК-дан өтуі керек, сол кезде ғана мүгедектерге берілетін көмекті ала алады. Бұл жағдайда оның отбасы бас тартатындары туралы арыз жазу керек, сорндықтан да біз қазір сауал жолдап жатырмыз. Егер оның отбасын тауып, қажетті қағазды ала алсақ, оны интернат үйіне жібереміз", - деді Алматы облысы Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлсара Тілеубердиева.
Гүлсара Тілеубердиева. © ktk.kz
Әзірше полицейлер қарияның қыздарымен сөйлесуді жөн көріп отыр. Дегенмен оларды туған әкелеріне көмектесуге ешкім көндіре алмайды.