16 маусым 2023 | 11:31

Алматы облысында ЛРТ салына ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости РИА Новости

Алматы облысында ЛРТ салу бойынша түрік инвесторымен меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ЛРТ салу бойынша түрік инвесторымен меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ташяпы" компаниясы (Түркия) Қаскелең - Есік - Талғар - Алматы - Ұзынағаш бағыты бойынша жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Талғар мен Қаскелеңнен Алматыға ЛРТ арқылы жету үшін көліктерді қалдыруға болатын автотұрақ болады. Бұл Алматыдағы көлік кептелісін азайтуы керек, өйткені қалаға күніне 300 мың тұрғын кіреді.

Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыруға қажетті инвестиция көлемі белгісіз. Шілде айында түрік компаниясы техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріседі. ЛРТ ұзындығы 80 шақырым, ал Алматы мен Қонаевты қосқанда 150 шақырым болады.

Бірінші кезеңде Талғар мен Алматының арасын жалғау жоспарланып отыр. Қонаев - Алматы бағыты бойынша жоба екінші кезең болмақ.

Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айында Қазақстан Түркия мемлекетінің белгілі Tasyapi Insaat Taahhut San компаниясын сотқа берген болатын. Франциядағы соттың негізгі тақырыбы автокөлік тас жолдар комитеті мен Ташяпы арасындағы дау болды. Ақтөбе-Мақат жолын салу және қайта жаңғырту жөніндегі келісімшартты заңсыз бұзды деп айыпталды. Бұл олардың Алматы облысында келісім жасамақшы болған компания ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Біз бұл ақпаратты облыс әкімдігінен сұрадық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети