ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2016 | 22:06
Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Тілшілердің мәліметінше, ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден көп. Мұны сол қанды оқиға болған Сұраншы батыр ауылының тұрғындары айтып хабарлапты. Ауылға 40 бас сиыр және күдіктілермен қосақтасып келген бір топ бөтен жігітті көргендер де бар екен.
Мәселен Сұраншы батыр ауылының тұрғыны Шәмен Қырғызбаев тілшілерге қанды оқиға болған күні 4-5 жігіттің болғанын айтып отыр. Оның пікірінше, күдікті болып танылған екеудің бірі сол күні үйіне топ болып келген. Олардың барлығы бөтен адамдар екен. Қазаға себеп болған 40 бас малды да осы топ жарты сағаттай түсіріпті.
Күдіктілер осыдан кейін сиырдың тең жартысын үйлерінде қалдырса, ал қалған жартысын жүк көліктеріне тиеп, тауға қарай әкетіпті. Ал тауға кіреберіс жерде шекара заставасы бар. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қазақ-қырғыз арасын күзеткендердің түн ортасында оларды көрмеуі мүмкін емес. Сол себепті, осы қанды қылмысқа қатысы бар өзге де сыбайластарды іздеп табуға шекарашылар да көмектессе деп отыр.
Ал күдіктілердің бірі Мұрат Оңалбаевтың анасы Күлән Оңалбаева алты бала өсірген зейнеткер, перзентінің өзі пендеге зиян келтіруі мүмкін емес, дейді. Айтуынша, біреулер Мұрат Оңалбаевты қорқытқан.
© КТК кадры
"Менің баламның денсаулығы жоқ. 3-ші топтағы мүгедек. Басында жарақаты бар. Бір көзі жоқ. Өз жанын өзі зорға бағып жүрген жігіт. Бір кісіні ұрып жығатын күші жоқ. Енді ол жерден тірі шыға ма тегі, тәңірім десей?", - дейді зар жылаған анасы.
Журналистер екінші күдікті - Талғат Сүлейменовтің үйіне де барыпты. Марқұм болған Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайынды мал базарынан шыққан бойда осы күдіктінің үйге кірген. Үй иесінің 20 бас қойы, жылқысы бар екен. Тағы мал алуға банктен сол күні 3 миллион теңге несие рәсімдепті. Ал марқұм ағайындылар мұнда 6 миллион аламыз деп келген. Бірақ күдіктіде қалған ақша болды ма, әлде саудагерлерді алдап әкелген бе, мұны тілшілер анықтай алмапты.
Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін.
Кейінірек Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, мәжілісте де қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты әңгіме болған еді.
Показать комментарии
Читайте также