Мәжілісте Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты әңгіме болды

28 Қыркүйек 2016, 13:43
0
Мәжілісте Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты әңгіме болды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмен Бекболат Тілеухан Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың өліміне қатысты істі лайықты түрде жүргізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекболат Тілеухан жалпы отырыс барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сауал қойды.

"Отбасыларын асырау үшін еңбек еткен үш азамат қатыгездікпен өлтірілді. Біз қаза тапқан ағайындылардың отбасына көңіл айтамыз. Бұл оқиға тек отбасына емес, бүкіл халыққа қасірет болып отыр. Іске барынша назар аударып, тергеу жұмыстарын жүргізу керек. Біздің қоғамда сұмдық жағдайлар көптеп кездесіп жатыр - экстремизм, педофилдер. Мұндай сұмдық қылмыстарға төтеп беру үшін министрлік қандай шараларды қолданып жатыр?", - деп сұрақ қойды депутат.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, Сағынтаев та Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірген болатын. "Бақылауға алыңыздар. Қоғамдық қауіпсіздіктің және зорлықпен күрестің біздің негізгі жұмысымыз екенін барлығымыз білеміз. Сондықтан таяу арада осы мәселені үкіметте қараймыз деп ойлаймын", - деген еді Сағынтаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай