10 сәуір 2017 | 19:17

Алматы облысында мас ер адам мүмкіндігі шектеулі жанның қол арбасын ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© electra.com.ua © electra.com.ua

Алматы оюлысының полициясы Есік қаласында мүмкіндігі шектеулі жанның қол арбасын ұрлаған мас күйдегі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы оюлысының полициясы Есік қаласында мүмкіндігі шектеулі жанның қол арбасын ұрлаған мас күйдегі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

9 сәуірде Еңбекшіқазақ АІІБ полицейлеріне 1-ші топтағы мүгедек ер адам келіп көмек сұраған. Аяғы жоқ ер адам белгізіз біреудің оның әлі жетпесін пайдаланып көшенің қақ ортасында мүгедектер арбашасын тартып алған. 

"Осыдан кейін полицейлер бұл қылмысқа кімнің барғанын дереу анықтаған, ол Есік қаласының 28 жастағы тұрғыны. Полицейлер күдіктінің үйінде тінту жүргізу сәтінде ұрланған арбашаны тапқан. Қазіргі уақытта ол заңды иесіне қайтарылды", - деді полицейлер. 

Ұсталған азамат өз әоекетін мас күйде болуымен және арбашаны жарымжан туысына сыйламақшы болғанын айтады. 

Тонау дерегі бойынша тергеу шаралары жүргізіледі. Күдікті ер адам тергеу аяқталғанға дейін еш қайда шықпау туралы құжатқа қол қойып, үйіне жіберілген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети