Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен координациялық кеңестің мүгедектер мәселелері жөніндегі кезекті отырысы өтті. Жиналыс барысында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі З.Ілімжанова негізгі баяндамасын оқып, Мүгедектердің құқығы жөніндегі конвенцияның қаулысының орындалу барысы жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен координациялық кеңестің мүгедектер мәселелері жөніндегі кезекті отырысы өтті. Жиналыс барысында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі З.Ілімжанова негізгі баяндамасын оқып, Мүгедектердің құқығы жөніндегі конвенцияның қаулысының орындалу барысы жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баяндамашының айтуынша, статистикалық мәліметтерге қарағанда, облыста мүмкіндігі шектеулі 61,1 мың адам тұрады. Олардың 53 пайызы немесе 32,4 мыңы 1-2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, 7,1 мың адам немесе 11,7 пайызы мүгедек балалар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға түрлі реабилитациялық және қолдау шараларын көрсету мақсатында жыл сайын бюджеттен қаражат бөлінеді. Мәселен, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы мүдегектердің реабилитациясына бөлінетін қаражат сомасы екі есеге өсті - бұл 2,8 миллиард теңге. 2012-2014 жылдары аралығында мүгедектерге шектеусіз орта жасау мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымның 2117 нысаны паспорттандырылды. Олардың бірінші кезектегі өңдеуге жататын 400-іне облыс бюджетінен 266,0 миллион теңге бөлінді. Олардың 40-ы биыл адаптацияланады. 2017 жылдың 1 маусымындағы жағдайы 375 нысанда адаптация толықтай жүзеге асырылды, бұл 93,8 пайыз. З.Ілімжанова сөз сөйлеу барысында мүгедектерді жұмыспен қамту, сурдоаударма мамандарының қажеттілігі, сондай-ақ, мүгедектерден түсіп жатқан шағымдармен жұмыс істеу барысы туралы мәселелерді айтып берді.
Осыдан кейін сөз "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, партияның "Шектеусіз болашақ" жобасының жүзеге асу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шектеусіз орта қалыптастыру жолдары туралы мәселелеріне тоқталды, сондай-ақ, ол ұйымдары мен мемлекеттік органдардың ерекше күтуді қажет ететін балаларға инклюзив білім беру жұмысын бақылау қорытындыларын таныстырды.
Сонымен қатар, жиын барысында Мүгедек және ақыл-есі, дене бітімінің кемістігі бар балаларға қамқорлық көрсетуші ата-аналардың "Алпамыс" ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің өкілі Райхан Сисекенова сөз сөйледі
Жиынды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қорытындылады.
"Шектеусіз ортаны қалыптастыру нысандарының адаптациясы мәселесін және инклюзив білім беру сапасын әрдайым бақылауда ұстау қажет. Инклюзив білім беру балабақшалары мен мектептерінің Жол картасын жасаңыздар. Мүгедектерге қолдауға, реабилитация жүргізуге және өзге де шараларға биыл шамамен 3 миллиард теңге бөлінді. Координациялық кеңестің әрбір мүшесі осы қаражаттың игерілуін және көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын әрдайым бақылауда ұстауы керек. Мүгедектерден түсіп жатқан шағымдарға сараптама жүргізіңіздер, неліктен кейбір шағымдардың бір тақырыпта түсіп жатқанын анықтаңыздар. Олардың әрқайсысы бойынша қандай шешім қабылданып жатқанын бақылау қажет. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыспен қамтылуы бойынша нақты жоспарымыз болуы шарт. Бұған өңірдегі бизнес-ортаның өкілдерін де тарту керек", - деді Жақсылық Омар.