27 қыркүйек 2016 12:36

Алматы облысында өлтірілген ағайындыларды жерлеу рәсімінде балалары талып құлап жатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы облысында өлтірілген ағайындылар жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 27 қыркүйекте марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға Мұқыры ауылдық округінің тұрғындары ғана емес, басқа қалалардан да адамдар келді. Мұнда екі ағайынды жерленді, ал тағы біреуі Айнабұлақ станциясындағы ауылда жерленді.  


Алматы облысында өлтірілген ағайындылар жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 27 қыркүйекте марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға Мұқыры ауылдық округінің тұрғындары ғана емес, басқа қалалардан да адамдар келді. Мұнда екі ағайынды жерленді, ал тағы біреуі Айнабұлақ станциясындағы ауылда жерленді.  

Жерлеу рәсіміне "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев, Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері келді. Адам көп жиналды. Бұл жерде полиейлер мен жедел жәрдем бригадасы да келген. Марқұмдардың туыстарына тыныштандыруға дәрі-дәрмек берілді. Ал балалары талып құлап жатты. 

Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, өлтірілген Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімхан немере ағайындылар екен, олар отбасыларының жалғыз асыраушысы болыпты. Жақсы табыс тауып, жанұяларын ғана емес, қарттарды да асырапты. 

Отбасы жеті жыл бұрын Қытайдан көшіп келіпті, содан бері ағайындылар мал саудасымен айналысқан. "7 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсаннан мал сатып алып, Алматы облысында жақсы сатып жүрді. Табыстары жақсы еді. Осы жолы 5-6 миллион теңге әкелуі керек еді. Әзірше ешкімнен күдіктеніп отырған жоқпыз, ұсталғандар мен өлтірілгендер таныс болмаған. Оларды біз білмейміз. Бауырларымызды Қордайға алдап әкетпек болған, жол бойында осы оқиға болды. Қатыгездік! Мәйіттерін тезекпен көміп кеткен, малдың өзі бұлай іс жасамайды ғой, өлтіргендерге жазаның ең ауыр түрін беруді талап етеміз", - деді туыстары. 

Алайда туыстары қоғамға мәлімдеме жасап, қауесет шығармауды өтінді. Мәселен, кейбір БАҚ-тарда ағайындылардың ата-анасы жоқ, тұл жетім деген мәліметтер тарапты. Алайда бұл жалған сөз екен. Үшеуінің де әйелдері бар, үй шаруасында, балаларын бағады, жалпы марқұмдардың артында сегіз бала қалыпты. 

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткенболатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети