Алматы облысында өртенген үйден әйел мен екі баласы өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында өртенген үйден әйел мен екі баласы өлі табылды Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы облысы Полиция департаменті өкілі әйел мен оның екі баласының жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Полиция департаменті өкілі әйел мен оның екі баласының жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 23:24-те Іле ауданының Полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің біріндегі өрттен кейін К. мен оның екі кәмелетке толмаған баласының зорлық-зомбылық белгілері көрінетін мәйіттері табылғаны туралы ақпарат түскен.

"Бұл дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық аудандық полиция бөлімшесіне және көршілес өңірлердің Полиция департаменттеріне бағдарлар жолданды", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети