15 маусым 2017 15:58

Алматы облысында өсірілген қарасора Нидерландыға экспортталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© receptdolgolet.ru © receptdolgolet.ru

Алматы облысының техникалық қарасора өнімдерін Нидерланды, Ресей және Қытай елдеріне экспорттау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысының техникалық қарасора өнімдерін Нидерланды, Ресей және Қытай елдеріне экспорттау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің мәліметі бойынша, биыл Алматы облысының Кербұлақ ауданында 600 гектар жерге техникалық қарасора егілген. 

Заңнамаға сәйкес, техникалық қарасора есірткі заты болып есептелмейді, сондықтан оның егіндісіне бақылау жасау жоспарланбаған.

Қазіргі кезде қарасора егумен жалғыз компания - KazHemp ЖШС ғана айналысып отыр. Компания 600 тонна майлы дәндер мен 400 тонна сабақ жинауды жоспарлап оыр.

"Сабақтардан алғашқы өңдеу зауытында 1 000 тонна талшық жасалады. Зауыт Кербұлақ ауданында биыл қазанда пайдалануға беріледі. Жиналған майлы дән Нидерланды еліне, ал талшықтар Ресей мен Қытайға шығарылады", - дейді министрлік өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети