Алматы облысында ұсталған 1987 жылғы ер адам 2016 жылдың қазан айынан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік азаматты Талғар АІІБ көші-қон полициясы профилактикалық рейдтер барысында Кеңдала ауылынан ұстаған.
Полициядағылар ұсталған ер адамның уақытша қамауға алынғанын және экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.
"Ер адамды өткен жылдың қазан айынан бастап Өзбекстан құқық қорғау органдары бері іздеужарияланған екен. Ол аса ірі көлемде ақша жымқырған. Біздің елде ол әр түрлі құрылыс нысандарында жұмыс істеп келген. Оның кім екені арнайы іздеуде жүрген адамдар базасы арқылы анықталды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Алматы облыстық полициясының көмегімен жыл басынан бері басқа елдерде іздеуде жүрген 13 азамат ұсталды.