Алматы облысында полицей жанжал кезінде әріптесіне оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицей жанжал кезінде әріптесіне оқ атқан Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Алматы облысында полиция қызметкері жанжал кезінде әріптесіне оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полиция қызметкері жанжал кезінде әріптесіне оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 сәуірде түн ортасында Райымбек ауданында екі полицей арасында жанжал шыққан. Салдарынан олардың бірі - учаскелік инспектор - Нарынқол аулындағы ауруханаға жатқызылды, себебі әріптесі қызметтік қарудан жамбасына оқ атқан.

"Анық-қанығын білу үшін оқиға орнына бардым. Нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталды. Осы факт бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады. Сонымен қатар, жедел қызметтегі кемшіліктер және жеке құрамға бақылауды әлсіреткені үшін сыртқы қызметтердің жұмысын қадағалайтын аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Әріптестер арасындағы қақтығыс кезінде сол жақта болған қызметкерлер де жұмыстан шығарылып, бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылғаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети