Алматы облысында полиция басшысы даулы видеодан кейін қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полиция басшысы даулы видеодан кейін қызметінен кетті Видеодан алынған кадр

Алматы облысында аудандық полиция басшысы әлеуметтік желілерде жарияланған даулы видеодан кейін жұмыстан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында аудандық полиция басшысы әлеуметтік желілерде жарияланған даулы видеодан кейін жұмыстан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Ақсу ауданында болды, онда жергілікті полиция бөлімінің басшысы өзін әдепсіз ұстайды. Ол балағат сөздер айтып, қол астындағылармен дөрекі сөйлеседі, моральдық-психологиялық қысым көрсетті.

Құқық қорғау органдары басшысының әрекеті полиция қызметкерлерінің бірінің видеожетонына түсіп қалған болуы мүмкін. Кейін жазба Желіде жарияланды.

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қарамағындағы адамның бұл іс-әрекетіне өзі түсінік берді. Генерал-майор Серік Күдебаевтің айтуынша, сол кезде Ақсу аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы қызметкер өз қателігін мойындады. Алайда бұл оны жазадан құтқарған жоқ. Полицей қызметінен айырылды.

"Ол жеке құраммен жұмыста өрескел кешірілмейтін қателік жібергенін мойындап, қызметінен босату туралы рапорт жазды. Дегенмен, осы факт бойынша, менің тапсырмаммен Алматы облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша оқиғаға объектив баға беріледі", - деді Күдебаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети