Алматы облысында шағын маркет өртенді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылында шағын маркет өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылында шағын маркет өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 қыркүйек күні таңғы уақытта болған. Сағат 7:20 шамасында "101" пультіне "Еуразия" шағын маркетінің өртенгені туралы куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

"5 қыркүйек күні сағат 7:18-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне Талғар ауданы Гүлдала ауылында Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының бойында "Еуразия" шағын маркеты өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына жоғары шақыру разряды бойынша өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді", - делінген хабарламада.

Сағат 7:44 шамасында оқиға орнына жеткенде (өрт сөндіру бекетінен 25 шақырым арақашықтық) "Еуразия" азық-түлік дүкенінің 600 шаршы метрі өртке оранғаны анықталды.

"Өрт сағат 9:03-те оқшауланып, 10:00-де жойылды. Локализацияға айнымалы токтан РСК-50 төрт оқпанының және Шахман су тасығышының жұмысы арқылы қол жеткізілді. Құрылымдарды құю және демонтаждау жүргізіледі", - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің себебін анықтау үшін шақырту орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы ғылыми-зерттеу сынақ зертханасы жіберілді.

"Өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп толтықтырды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети