Алматы облысында шассисіз қонған әскери ұшаққа байланысты мәлімет шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында шассисіз қонған әскери ұшаққа байланысты мәлімет шықты

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Жетіген ауылының аэродромының территориясына қонған С-295 әскери ұшағы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Жетіген ауылының аэродромының территориясына қонған С-295 әскери ұшағы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұшақта жоспарлы тапсырманы орындау барысында алдыңғы шассиінде техникалық қате кеткен болып шыққан.   

Бортта экипаж командирі Жеңіс Зайнулдинов - 1 дәрежедегі ұшқыш, жалпы қонуы 1700 сағат, командир көмекшісі Абылай Ибраев және борт-инженер Карим Пахирдинов. Олар жағдайдың алдын алу үшін қажет шараларды жасаған. 

"Ұшақ экипажы төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етті. Ұшқыштар қондырғының алдыңғы шассиінсіз қондыра алды", - дейді Қорғаныс министрлігінің өкілдері. 

Сондай-ақ жердегі қызметкерлер де жедел әрекет етіп үлгерген. Ұшақ қонғанға дейін ұшып-қону жолағына көпіршік жағылған. 

"Ұшақта болған техникалық қатенің себебі анықталады. Бүгінде әуе оқиғасын тергеу үшін Жетіген аулына арнайы комиссия аттанды", - дейді ведомство өкілдері. 

Экипаж өкілдерінен басқа жолаушылар болмаған. 

Еске салайық, кеше 5 мамырда Алматы облысы Жетіген ауылының аэродромының территориясына әскери ұшақ бір бүйірімен қонғаны хабарланған. Өңір әкімінің баспасөз қызметіндегілер ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай қалғанын хабарлады. Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың тапсырысымен әуежайға жедел жәрдем мен құтқарушылар аттанды, бірақ олардың көмегі қажет болмады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети