Алматы облысында шенеуніктер компьютерлерді 2 есе қымбат бағаға сатып алмақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында шенеуніктер компьютерлерді 2 есе қымбат бағаға сатып алмақ болған Фото: pexels.com

Алматы облысында шенеуніктер компьютерлер мен басқа да құрал-жабдықтарды екі есе қымбат бағаға сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлық мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында шенеуніктер компьютерлер мен басқа да құрал-жабдықтарды екі есе қымбат бағаға сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлық мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, Алматы облысында шенеуніктер жалпы құны 20 миллион теңгеге жуық техниканы жоғары бағамен сатып алғысы келген. Бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың жолын өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кесті.

"Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы бір данасы үшін 497 265 теңге бағасымен 32 компьютер, бір данасы үшін 514 880 теңге бағасымен 3 ноутбук және бір данасы үшін 598 214 теңге бағасымен 4 моноблок сатып алуға конкурс жариялады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте аталған тауарлардың орташа құнының мониторингі барысында бағалар тиісінше 102,78 пайыз, 77,54 пайыз және 60 пайызға жоғары болғаны анықталды.

Антикордың араласуынан кейін жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды және конкурс қайтадан өткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети