27 ақпан 2021 15:05

Алматы облысында шұғыл қонған АН-2 ұшағының командирі оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ

Ан-2 ұшағының командирі Тахир Өтегенов әуеде не болғанын және неліктен шұғыл қонуды ұйғарғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ-ге сілтеме жасап.


Ан-2 ұшағының командирі Тахир Өтегенов әуеде не болғанын және неліктен шұғыл қонуды ұйғарғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ-ге сілтеме жасап.

"50 метрге көтерілген кезде құлап бара жатқандай болдым, қозғалтқыштың қуаты төмендегенін байқадым. Сосын аэродромға қайту үшін жайлап бұрылдым. Бортта жолаушылар болғандықтан және біз елді мекеннің үстінде тұрған соң мүмкіндігінше қонуға ыңғайлы аймақ таңдадым", - деді ол.

Бірақ ұшақ аэродромға жете алмады. "Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері аман-сау", - деді Тахир Өтегенов.

Еске салайық, 26 ақпанында сағат 12.26-да​ Іле ауданы Боралдай кентінде Боралдай-Кеген бағытында санитарлық авиация әуежайынан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышында ақау шығып, жерге шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға болған жерге ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техника, "Боралдай" авиациялық қауіпсіздік қызметінен 15​ қызметкер мен 5 техника барды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети