Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды Фото:t.me/antikornews

Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды.

"Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 миллион теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 миллион теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети