17 мамыр 2022 14:59

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жасар бала табылды

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жасар бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жасар бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 мамырда кешкі уақытта Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Кербұлақ ауданындағы Доланалы ауылы маңында 2018 жылы туған бала жоғалып кеткені туралы хабар түскен. 

Төрт жасар бала ата-анасымен бірге тауға саңырауқұлақ жинауға шыққан. Артынша, көлік маңында ойнап жүрген бала жоғалып кеткен. 

Ата-анасы үш сағаттай баланы өздері іздеген, кейіннен құтқарушылардан көмек сұраған. 

"Жедел-іздестіру шараларымен Алматы облысы ТЖД өкілдері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті тұрғындар айналысты. Нәтижесінде, сағат 23:30-да бала жоғалған жерінен үш шақырым жерден табылды. Дәрігерлер баланы қарап шыққаннан кейін ата-анасына жіберілді. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Алматы облысы ТЖД өкілдері. 

Еске салайық, бүгін Алматы облысында төрт жасар бала жоғалып кеткені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети