Алматы облысында ұсталған әкімнің ісі туралы жаңа мәліметтер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ұсталған әкімнің ісі туралы жаңа мәліметтер шықты Серікжан Ерекешев. Фото: Талғар ауданының әкімдігі

Алматы облысының прокурорлары Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің ісі туралы жаңа деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының прокурорлары Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің ісі туралы жаңа деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органы өкілдерінің мәліметінше, биыл 24 қаңтарда аудан әкімі Серікжан Ерекешев пен Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу басталған. Іспен Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айналысып жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары, яғни, "Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның қомақты мөлшерде ақша түрінде бірнеше рет пара алуы" бойынша жүріп жатыр, - деп хабарлады облыс прокурорының бірінші орынбасары Рашид Әміров Tengrinews.kz ресми сауалына.

Оның айтуынша, 26 қаңтарда Ерекешевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Талғар ауданының әкімі екі айға қамауға алынды. Айта кетейік, санкцияны Іле аудандық сотының тергеу судьясы шығарған.

"Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деп қосты Әміров.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев ТКШ бөлімінің басшысы мен орынбасарымен бірге ұстағаны хабарланған болатын. Шенеуніктер "мердігер ұйым директорынан орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені" айтылған.

Еске салайық, Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі болып былтыр тамыздың ортасында тағайындалған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети