Алматы облысында вакцина үшін ұзын-сонар кезек пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында вакцина үшін ұзын-сонар кезек пайда болды Фото:instagram.com/kris_p_issyk

Желіде Алматы облысында COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға кезекте тұрған адамдарың видеоса жарияланды. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматы облысында COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға кезекте тұрған адамдарың видеоса жарияланды. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вакцина салдыруға тұрған адамдардың суреті Instagram-да пайда болды.

Әкімдік өкілдері сурет 31 наурызда Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында түсірілгенін растады. Адамдар СOVID-19-ға қарсы вакцинацияға келген. 

"Оқиға білім беру қызметкерлерін вакцина салдыруға жіберу кезіндегі келіспеушілікке байланысты туындады. Қазіргі уақытта барлық ұйымдастыру мәселесі реттелді, вакцинация штаттық режимде жүріп жатыр.

Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында 3 наурыздан бері, коронавирусқа қарсы вакцинация басталғалы мұндай оқиға бірінші рет болды. Қазіргі уақытта барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 800-ден аса адам екпе салдырды", - деді Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети