Алматы облысында вейптер WhatsApp арқылы сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында вейптер WhatsApp арқылы сатылған Фото: polisia.kz

Алматы облысының полицейлері құны 2 миллион теңге болатын вейптерді тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері құны 2 миллион теңге болатын вейптерді тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады. "Стоп-алаяқ" ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

"Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады", – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети