Алматы облысында зауыттағы жарылыстан зардап шеккендердің денсаулығы белгілі болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында зауыттағы жарылыстан зардап шеккендердің денсаулығы белгілі болды

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Іле ауданындағы зауыттардың біріндегі жарылыс кезінде зардап шеккен бес адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен бес адам Іле аудандық ауруханасына жеткізілген.

"Газ-ауа қоспасы жарылысынан зардап шеккен 5 адам келіп түсті. 4 адам медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Бір науқас травматологиялық бөлімге жатқызылды. Беттің, екі қолдың, кеуде қуысының II-ІІІА дәрежелі термиялық күйік диагнозы қойылды. Жағдайы орташа", - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданындағы жылу оқшаулағыш плиталар шығаратын зауыттардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шыққан болатын. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети