Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көп ұзамай облыс екіге бөлінеді. Әр облыста он аудан болады. Tengrinews тілшісі қазіргі Алматы облысы аудандарының әкімі қанша жалақы алатынын анықтады.
Талдықорған қаласының әкімі - Әсет Масабаев
Алматы облысында ең жоғары жалақыны Талдықорған қаласының жаңа әкімі Әсет Масабаев алады. Оның жалақысы - 866 мың теңге.
Панфилов ауданының әкімі - Марат Сағымбек
Ақсу ауданының әкімі - Есім Базарханов
Панфилов ауданының жаңа әкімі Марат Сағымбек айына 778 мың теңге алады. Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов та осындай жалақы алады. Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов те осыған жақын, ай сайын 775 мың теңге алады.
Кеген ауданының әкімі - Талғат Байеділов
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі - Қуат Сұлтанғазиев
Ең аз жалақыны Еңбекшіқазақ ауданының жаңадан келген әкімі алады. Оның айлық жалақысы - 703 мың теңге. Ал аудан әкімдері арасындағы ең жоғары жалақы Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевта. Ол ай сайын 785 мың теңге алады екен.
Іле ауданының әкімі - Бағдат Қарасаев
Көксу ауданының әкімі - Алмас Әділ
Көксу ауданы әкімі қанша жалақы алатыны белгісіз. Сауалға ресми жауапта Алмас Әділдің толық жалақысы ғана көрсетілген. Ол айына - 952 мың теңге. Бірақ бұл сомадан зейнетақы мен медициналық аударымдар ұсталады. Нәтижесінде, өзге әріптестерінің деңгейінде жалақы алады.
Алматы облысының өзге аудан, қала әкімдері қандай жалақы алатыны бізге де, салық төлеушілерге де жұмбақ күйінде қалып отыр. Басқа әкімдер Tengrinews тілшісі сауалына жауап бермеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!