28 сәуір 2020 | 16:20

Алматы облысындағы әйелдер колониясы карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Жазасын өтеушілердің бірінен коронавирус белгілері анықталуына байланысты Алматы облысының Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясы карантинге жабылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Иконка комментария блок соц сети

Жазасын өтеушілердің бірінен коронавирус белгілері анықталуына байланысты Алматы облысының Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясы карантинге жабылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Сотталғандарға сәлем сауқат беруге, туыстарымен кездесуге тыйым салынып отыр. Қылмыстық атқару жүйесінің жеке құрамы казармалық режимге көшірілді. Коронавирус жұқтырған жазасын өтеуші бірер күн ішінде босануы тиіс. Сол себепті ай-күні жақындаған келіншек аудандық ауруханаға жатқызылған.

Қылмыстық атқару жүйесінің мамандары оның індетке екі апта бұрын шалдығуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Өйткені сол кезде ол дәрігерге көріну үшін ауруханаға барған екен. Артынша қаралған емдеу мекемесінде ауру ошағы анықталыпты.

"Науқас 7 сәуірден бастап медициналық санитарлы бөлімде ем қабылдады. Қазір біздегі 13 жазасын өтеуші мен 4 медицина қызметкері карантинде жатыр. Олар сол кезде стационарлық бөлімде болған. Оқшауланғандар сыртқы ортаға шықпайды", - деді ЛА155/4 мекемесіндегі балалар үйінің басшысы Байрам Асланов.

Шектеу шаралары облыстағы түрмелердің барлығында күшейтілген. Жаңадан келген жазасын өтеушілер екі апталық карантинге жатқызылып, коронавирусқа байланысты тексерілген кейін ғана жалпы топқа қосылады. Ал бостандыққа шыққандар қызметкерлердің көмегімен үйіне дейін жеткізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети