Алматы облысындағы бөгет бұзылған ауылда иттер құтқарылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы бөгет бұзылған ауылда иттер құтқарылды

Алматы облысындағы бөгет бұзылған ауылда иттер құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы бөгет бұзылған ауылда иттер құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысында Книжевск суқоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан иесіз иттердің паналау орнына су келгені туралы ақпарат келіп түсті. Иттердің паналау орны бөгет бұзылған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см болды. Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған. Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді (ішінара мұз қатқан)", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылдың 21 қарашасында сағат 23.13-те Мыңбаев ауылы маңында Книжевск суқоймасының бөгеті жарылды. Суқоймасының көлемі 4,47 миллион текше метр, қазіргі уақытта ол 50 пайызға толы. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, үйлерді су басқан жоқ. Облыстық Мыңбаев-Қасымбек автожолы арқылы су тасқыны өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын шектеу үшін бекеттер орнатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети