07 тамыз 2019 | 09:41

Алматы облысындағы дала өртінде қаза тапқандар туралы ақпарат пайда болды

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысы, Панфилов ауданында таулы аймақ өртеніп, қызыл жалын үш адамның өмірін жалмады, - деп хабарлайды КТК арнасы


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы, Панфилов ауданында таулы аймақ өртеніп, қызыл жалын үш адамның өмірін жалмады, - деп хабарлайды КТК арнасы

Куәгерлерінің айтуынша, өңірде 50-60 шақырым жерді от шарпыған. Мамандар қанша тырысса да, тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Өрт сөндірушілер онымен екі күннен бері арпалысып жатыр.

Қолайсыз ауа райының кесірінен үдей түскен өрттен зардап шеккен орманшылар да бар. Таулы аймақта тілсіз жаумен күресіп зардап шеккендердің бірі - Ғабит Мақсұтов. 1999 жылдан бері орман шаруашылығында қызмет атқарып жүрген азамат мұндай жағдайға алғаш рет тап болуым дейді. Талай мәрте қызыл жалынның ортасына түсіп оттың жану бағытын бағдарлауды меңгергенімен, бұл жолы табиғат тосын мінез көрсетіпті.

"Қатты бір жел тұрып, өрттің бағытын бұрып кетті. Жел ме, құйын ба?", - дейді орман шаруашылығының қызметкері Ғабит Мақсұтов.

Осыған дейін алапат өрт салдарынан үш адамның қаза тапқаны хабарланған. Олардың біреуі орманшы, екеуі ауыл тұрғындары. Қаза тапқан 35 жастағы жігіттің артында 5 баласы қалыпты. Сондай-ақ, 7 адам түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі таңда олардың бесеуі амбулаториялық ем қабылдауға жіберілсе, екеуі аурухана төсегіне таңулы. Дәрігерлер олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Алайда бір науқастың денесін 35 пайыз күйік шалған.

"Екі науқастың біреуі жансақтау бөлімінде. Денесінің 30-35 пайызын күйік шалғандықтан, жансақтау бөлімінде ұстаймыз", - дейді Панфилов аудандық ауруханасы директорының орынбасары Ерболат Бекембеков.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, таулы жердегі өртті сөндіру қиындық туғызуына байланысты суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылған.

"Жақын маңда су алатын өзен-көл болмағандықтан, әуе кемесі адамдарды тасымалдап, бар күштерді сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді. Табиғат апатымен күрес оңайға соққан жоқ. Оның үстіне ауа райы да құбылып, айналаның көрінуі нашар болды", - дейді Нұрділдә Ораз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети