05 мамыр 2020 09:17

Алматы облысындағы Есік пен тағы бірнеше қала карантиннен алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы облысында Есік қаласы мен төрт саяжай - "Көксай", "Береке", "Алтын Алма" және "Алтын Адам" карантиннен алынды , - деп хабарлайды "Хабар 24".


Алматы облысында Есік қаласы мен төрт саяжай - "Көксай", "Береке", "Алтын Алма" және "Алтын Адам" карантиннен алынды , - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, соңғы бір аптада онда бірде-бір науқас тіркелмеуіне байланысты осындай шешім қабылданған. 

Сондай-ақ, облыста вирустан айыққандардың саны 28-ге жеткені айтылады. 14 адам осы демалыста ауруханадан шығарылған.

"Бүгін Есік қаласы карантиннен алынды, ертен Шелек ауылын да карантиннен алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, осы аптада Сарыөзек ауылын карантиннен алу жоспарда бар. Ал Жаркент қаласы карантиннен алынады", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети