14 қаңтар 2022 | 14:03

Алматы облысындағы жағдай тұрақталды - өңірлік ПД

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© Reuters

Алматы облысында тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар 79 адам ұсталып, жүзге жуық атыс қаруы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар 79 адам ұсталып, жүзге жуық атыс қаруы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

Полиция мәліметінше, облыс аумағында және облыс орталығында 82 блокбекет қойылған. Оның 62-сі қала мен аудан орталықтарына кіріп-шығатын жолдарда, оның ішінде 20-сы Талдықорған аумағына қойылған. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері көліктерді тексеріп жатыр. Күн сайын 20 полиция жасағы Ұлттық ұлан жауынгерлерімен бірге жаяу тексереді.

"Бүгінде тәртіпсіздік пен тонау дерегіне қатысты 88 қылмыстық іс қозғалды. УҰИ-ға ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша 79 күдікті қамауға алынды. Арнайы операциялар барысында қылмыскерлерден жүзге жуық атыс қаруы тәркіленді", - деді департамент өкілі.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар көмектесіп жатқаны айтылды.

"10 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-не Қызылжар ауылындағы жеке үйде белгісіз біреулер атыс қаруын сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы сегіз патроны бар номері жоқ винтовканы тауып, тәркіледі. Ұсталған 43 жастағы ер адам қаруды заңсыз сақтағанын мойындады", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Талдықорғанда қару сақтаған тағы бір күдікті анықталды.

"Арнайы операция кезінде Талдықорған Полиция басқармасы ғимаратынан қару ұрлаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол ұрланған үш тапаншаны сақтай тұруға берген адамды айтты. Айтылған азамат та ұсталып, қару тәркіленді. Күдіктілердің екеуі де Ескелді ауданының тұрғындары болып шықты. Олар УҰИ-ға қамалды", - деп түсіндірді ПД өкілі.

Департамент мәліметінше, қазір жағдай тұрақталған, құқық қорғау органдары бәрін толық бақылауға алған.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная