Алматы облысындағы LRT: жоба қай кезеңде?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы LRT: жоба қай кезеңде? Фото:depositphotos.com / NGCHIYUI

Алматы облысында жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысы жобасы қай кезеңде екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысы жобасы қай кезеңде екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, жазда Алматы облысының әкімдігі түрік инвесторымен ЖРК салу туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Сонымен қатар, компания Қаскелең - Есік - Талғар - Алматы - Ұзынағаш бағыты бойынша жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуды жоспарлап отырғаны хабарланды. Талғар мен Қаскелеңде автотұрақ пайда болады, онда көлікті қалдырып, Алматыға ЛРТ-мен жетуге болады. Бұл Алматы жолдарындағы кептелісті азайтуға тиіс, өйткені қалаға күн сайын 300 мың адам кіреді.

Сондай-ақ, түрік компаниясы шілдеде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кірісетіні айтылды. LRT ұзындығы 80 шақырым, ал Алматы мен Қонаевты қосқанда 150 шақырым болады.

Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы техникалық-экономикалық негіздеме қаржыландыру моделін анықтағаннан және ТЭН әзірлеуге шарт жасасқаннан кейін әзірленетінін хабарлады.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін ТЭН әзірлеу, кейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу қажет. Бастапқы кезеңде компания ұзындығы 18 шақырым болатын Талғар - Алматы бағыты бойынша жеңіл рельсті көлік жүйесін дамыту нұсқасын ұсынды. Жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және қаржыландыру көзін анықтағаннан кейін айқындалатын болады. ЖРК құрылысына тапсырыс беруші мен мердігер ұйым жауапты болып табылады", - деп хабарлады басқарма.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети