Анасын ата-ана құқығынан айырмақшы болып жатқан 14 жастағы Диана балалық шағында басынан кешкен оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Анасын ата-ана құқығынан айырмақшы болып жатқан 14 жастағы Диана балалық шағында басынан кешкен оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
"Дәрігер болғым келеді, барлығын емдегім келеді. Өскенде анамды және әжемді алып бір сапарға шығып, көңіл көтеріп қайтқым келеді", - дейді Диана журналистерге.
Бірақ 14 жастағы қыз анасы мен әжесі деп дәл қазір қиын сәтте оған көмек көрсетіп жатқан адамдарды айтып отыр.
Немолчиkz мәліметінше, Дианаға кешенді медициналық және психологиялық тексерістерден өтіп, бірнеше пластикалық ота жасау керек. Сондай-ақ, стоматологтардың көмегі қажет екені айтылады.
Баланы қамқорлығына алғысы келетін әйелдің айтуынша, қыздың биологиялық анасы қыздың құлағын тістеуікпен жұлып алған. Мұнымен қоса, Диананың құйымшағы зақымданған, денесінде қаптаған жаралар, ал басында 80-ге жуық түрлі тыртықтар қалған.
"Бірде жуынып жатқан кезімде анам менің бірдеңені дұрыс істемегенімді көріп, айғайлай бастады. Сосын газдың кілтін алып, менің иығымнан ұрып жібергісі келді, бірақ ол құлағыма тиіп кетті. Сол кезде құлағымның жартысы жұлынып кетті. Сосын сол құлағымды өзі емдей бастады, бинт пен асқын тотықпен емдей бастады. Ал денем көгерген кезде ыстық суға жатқызып қоятын. Су қатты ыстық болатын, есеңгіреп қалатынмын", - деп еске алды Диана.