Алматы облысындағы музейде бірегей қылыш көрсетілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы музейде бірегей қылыш көрсетілді видео кадры

Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Батыр бабалары" мемориал кешенінде бірегей жәдігер сақтаулы. Бұл - Кенесары ханның қарындасы әрі қаруласы, ержүрек жауынгер Бопай ханымның қылыштары. Жуырда жәдігер қалың жұртшылыққа таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемориалдық кешен қоры жыл сайын құнды жәдігерлермен толығып отырады. Әскери тақырыпқа үлкен мән беріледі. Ұзындығы бір метрге жуық Бопай ханымның бірегей қылышын Айдар Тастеміров мұражайға тапсырған.

"Құнды жәдігердің бірі - Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылышы. Қару 1845 жылы Санкт-Петербургте Николай Вильгельм Шафпен мен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған", - дейді мұражай меңгерушісі Орынбасар Әлім.

Тарихта өшпес із қалдырған қолбасшы әйел 600 сарбаздан тұратын отрядты басқарды. Кенесары хан өз қарындасын жоғары бағалап, жаужүрек ханшайым шайқастарға қатысқан.

"Бізге жеткен деректерге қарағанда, ол Кенесары әскерін қамтамасыз етуге де жауапты болған, садақа жинап, Кенесары құрған хандықтың ішкі және сыртқы саясатына белсене араласқан. Бопайдың әділдік сезімі биік, ержүрек, халқын шын сүйетін", - дейді Байжанов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Жанерке Баймолдина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети