Алматы облысында бүгін болған ірі жол апатынан қаза тапқандардың саны 7-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында бүгін болған ірі жол апатынан қаза тапқандардың саны 7-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, оқиға орнында 5 адам қаза тапқан, тағы екеуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Айта кетейік, жол апаты Жамбыл облысындағы Ақтерек ауылына жақын маңда 23 мамыр күні таңғы уақытта болды.
"Honda көлігінің 45 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушы Ұзынағаш ауылындағы ауруханада жатыр. Болжам бойынша, Ford жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен де, Honda автомобилімен соқтығысқан", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Оқиға болған жерде Жамбыл облысы ІІБ жедел-тергеу тобы мен облыстық жол-патруль полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.