Алматы облысының аумағында 57 сел жүру қаупі бар учаскелер мен 285 мореналық (мұздық) көлдер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының аумағында 57 сел жүру қаупі бар учаскелер мен 285 мореналық (мұздық) көлдер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, ең қауіпті өзендер "Іле-Алатау" жотасының таулы жерінде орналасқан – Баянкөл, Текес, Қарқара, Шелек, Түрген, Есік, Қайназар, Талғар, Ақсай, Қаскелең, Ұзынқарғалы.
"Барлық мореналық көлдер қысқы режимде, мұз бен қармен жабылған, көлдерден жер үсті ағыны байқалмайды.
Алматы облысының ТЖ департаменті "Қазселденқорғау" ММ мореналық көлдерде алдын алу жұмыстары жүргізу мақсатында және селді ұстап тұратын бөгетті ағымдағы жөндеу үшін Алматы облысының әкімдігіне бюджеттік өтінім берді. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен Алматы облысының әкімінің шешімімен қаражат бөлінді", - делінген хабарламада.
Биыл 10 шілдеден бастап "Қазселденқорғау" ММ 4 мореналық көлде босату және 3 селді ұстап тұрған бөгеттерді жөндеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жоспарланғаны айтылды.
Сондай-ақ, облысты дамыту жоспары аясында Райымбек ауданының әкімдігі биыл 2 сел жүру қаупі бар өзендерді түзету және жағалауды нығайту жұмыстарын жоспарлады. Ықтимал қауіпті учаскелерде 16 ескерту қалқаны орнатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!